• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2020

Ақмола жаңа оқу жылына қамдануда

203 рет
көрсетілді

Жаңартылған оқу жүйесі аясында биыл тек 11 сыныптың оқушылары ғана жаңа оқулықтармен қамтылады, - деп хабарлайды Egemen.k.

Өзге сыныптар қажеттілігіне орай оқулықтармен қамтамасыз етілсе, 1-ші, 5-ші және 6-шы сынып оқушылары информатика пәнінен жаңа оқулықтармен жарақталады. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 900 миллион теңге бөлініп отыр. Өңірдің барлық білім бөлімдері 19 баспаханамен 235 келісім-шарт жасады.

"Оқулықтарды шалғай аудандарға жеткізу үшін тасымалдаушылармен шарт жасалды. Оқулықтардың сапасына айрықша көңіл аударылады, талғам мен талап күшті. Оқулықтарда жаңсақ мәлімет орын алса, онда баспаханалар қайта басып шығарады", - дейді облыстық білім басқармасының бөлім жетекшісі Әсет Дүйсембаев.

Биыл жалпы саны 8 мың оқулық сатып алынуда. Оның 5 мыңы 11-ші сынып оқушылары үшін болса, қалғаны қосымша ретінде алынбақ. Осылайша, өңір мектептері оқулықтармен 25-ші тамызға дейін толық қамтылады. Қашықтан оқыту жүйесі енгізілген жағдайда бұл кітаптар оқушылардыңүйлеріне берілмек.