• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 01 Шілде, 2020

Бразилияның білім министрі жалған түйіндемемен жұмысқа орналасқан

567 рет
көрсетілді

Бразилияның жаңа білім беру министрі түйіндемеге жалған ақпарат бергені үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бразилияның Білім министрі Карлос Декотелли түйіндемедегі ақпаратты бұрмалауына байланысты жанжал туындаған еді. Осы жанжал аясында небәрі бірнеше күннен кейін министр өз орнын босатты.

Бұған дейін Декотелли 40 жыл бойы "Жетулиу Варгаса қоры" жеке білім беру мекемесінде сабақ бергенін мәлімдеген. Дегенмен, университет бұл өтінішті жоққа шығарды.

Сонымен бірге жергілікті БАҚ Декотеллидің түйіндемесіне басқа да сәйкессіздіктер туралы хабарлаған. Атап айтқанда, ол Росарио, Аргентина университетінің аспирантурасын бітіргенін, сондай-ақ Вупперталь неміс қаласының университетінде докторантура бағдарламасы бойынша білім алғанын атап өтті. Екі оқу орны да бұл ақпаратты жоққа шығарды.