• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Шілде, 2020

АҚШ COVID-19-ға қарсы төрт түрлі вакцина сынап көреді

169 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) клиникалық зерттеулерге арналған коронавирустық вакцинаның төрт нұсқасын мақұлдады, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Әзірге, клиникалық зерттеулерге көшу үшін төрт вакцина мақұлданды. Қалған алтауы әлі де зерттеліп жатыр", - деді аталмыш департамент басшысы Стивен Хан арнайы баспасөз конференциясында.

Мамыр айында АҚШ әкімшілігі Warp Speed ​​операциясын іске қосқан еді. Бұл денсаулық сақтау департаменті мен Пентагонның бірлескен жобасы. Қазір осы жоба аясында 2021 жылдың қаңтарына дейін 300 миллион дозадан тұратын COVID-19 вакцинасын шығару көзделген. 

Өйткені, маусым айында жаппай наразылықтар мен коронавирус шектеулерінің алынуынан соң АҚШ-та COVID-19 ауруының таралуы күрт өсті. 

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, қазір АҚШ-та  2,6 миллион коронавирус жағдайы расталған, 126 мыңнан астам адам қайтыс болған.