ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова қазақстандықтарды антибитоик ішпеуге және өз бетінше емделмеуге шақырды, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Бактерияға қарсы препараттар инфекциялық вирусты емдеуге көмектеспейді", - деген вице-министр, бекітілген емдеу хаттамасында антибиотикалық терапия пневмония пайда болатын бактериялық инфекцияға байланысты тек ауруханада емделушілерге арналғанын баса айтты.
"Мен азаматтарға өздігінен дәрі-дәрмек жасамауды, вирустық инфекция белгілері болған кезде антибиотиктерді өз бетімен қолданбауды қатаң түрде ескертемін", - деді Бюрабекова.
Министр орынбасары антибиотиктердің кесірінен болашақта басқа аурулар туындап, асқынып кетпеуі үшін, ұсынылған жазбалар мен бақылау парақтарына сәйкес әрекет ету керектігін айтты.