• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2020

Қостанай облысында орман өрті сөндіріліп жатыр

413 рет
көрсетілді

Қарабалық ауданында Талды ауылының маңындағы  орманды алқап өртенді. Қызыл жалын 13,3 га құрғақ шөп пен 3,6 га орман ағашын шарпыған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың айтуынша, өрттің шығу себебі отты абайсыз пайдаланудан болған.  

"Қазір өрт сөндіру жұмыстарымен Михайлов орман шаруашылығының 18 қызметкері және 9 техникасы, сондай-ақ "Тоғызбай-Агро" серіктестігінің ерікті өрт сөндіру құрылымдары айналысып жатыр. Бастысы, өрттің таралу қаупі жойылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент мамандары тұрғындарды қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

 

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар