• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:45

Алматыда 29 жастағы жігіт кинотеатрда көз жұмды: Полиция тексерісті бастады

Алматы қаласының полициясы Forum кинотеатрындағы 29 жастағы ер адамның қаза болуына қатысты пікір білдірді. Қайғылы оқиға 17 мамыр күні болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты бөлім анықтап жатыр.

«Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тексеру нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады полиция департаменті.

Марқұмның туыстарының айтуынша, 29 жастағы ер адам кинотеатрға бұрынғы сыныптасымен бірге келген. Сеанс алдында ол попкорн сатып алып, кейін өзін жайсыз сезіне бастаған. Алғашында оның жүрегі айнып, кейін қайта залға оралған. Біраз уақыттан соң тамағы қышып, жүрегі ауырғанын айтып, есінен танып қалған.

Белгілі кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базархан пластикалық хирургия клиникасында көз жұмды

Куәгерлердің сөзінше, кинотеатр қызметкерлері мен келушілер жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Алайда кейбірі сауда орталығында медицина қызметкерлері болмағанын айтқан. Жедел жәрдем шамамен 15-20 минутта жеткенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен еді. 

 

Соңғы жаңалықтар