• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Шілде, 2020

Әлемде 400 млн адам коронавирус кесірінен жұмыссыз қалды

340 рет
көрсетілді

Жыл соңына қарай әлемде 340 млн-ға жуық адам жұмыссыз қалмақ. Мұндай болжам Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) баяндамасында айтылды, - деп жазады Egemen.kz

ХЕҰ мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында ғана әлемде 400 млн адам жұмысынан айырылды. Егер экономикалық белсенділік жанданса, жұмыссыздар саны 140 млн-ға дейін қысқарады.

Сарапшылар әйелдердің жұмыс орындары көп зардап шекті деп санайды. Халықаралық еңбек ұйымының деректері бойынша әйелдер толық емес жұмыс күні жұмыс істейтін жұмыскерлердің 57% құрайды. Дәл осындай қызметкерлер бірінші кезекте қысқартылатын болады.

"Әйелдердің басым көпшілігі пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейді. Осылайша, біз соңғы жылдары қол жеткізген гендерлік теңдік саласындағы жетістіктерімізді жоғалтамыз", - деді ХЕҰ бас директоры Гай Райдер.

ХЕҰ сарапшылары, егер әлемдік экономика тез қалпына келтірілсе, ең оптимистік сценарийде де 34 млн адам жұмыс істемейді деп есептейді.