2020 жылғы 30 Маусымда өндірілген барлық медициналық бетперделердің тәулік сайынғы көлемі 772 мыңды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz
"СҚ-Фармация" ЖШС фармацевтикалық кәсіпорындарынан 567 мың, тігін кәсіпорындарынан 204 мың бетперде өндірген. Қазіргі таңда қоймаларда − 4098 мың дана бетперде бар. Олар медициналық бетперделерді өңдеп шығарады. Өз кезегінде өндірілген өнімді Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің әр өңіріне таратып береді.
Марли мен бязи бетперделері жергілікті атқарушы органдармен шарт негізінде іске асырылады.
Бүгінде бетперделер өндірісі Индустрия және даму министрлігінің қатаң бақылауына алынды. Қосымша өндірісті іске қосумен және өндірісті кеңейтумен бетперделер өндірісінің көлемі тәулігіне 1 млн данаға жетті.
Дезинфекциялау құралдары туралы айтатын болсақ, ағымдағы жылдың 30 маусымында 63 350 литр дезинфекциялау құралдары шығарылды. Қоймада тұтынушыларға 331 576 литр, көшелер мен үй -жайларды дезинфекциялау үшін және дәріхана желілеріне 56 730 литр жөнелтілді.