• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 02 Шілде, 2020

Тоқаев: Назарбаевтың қабілетіне әрдайым таңғаламын

404 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Тарихи тұлға тағылымы" атты мақаласында Н.Назарбаевтың болмысы туралы айтып берді.

"Нұрсұлтан Назарбаевқа әртүрлі мінезге ие адамдармен жарасым таба алады. Әрине, оның харизматикалық болмысы туралы аз айтылмайды. Мұндай сирек қасиет әркімге беріле бермейді, бұл – расында да ең әуелі табиғат сыйы, содан кейін адамның өзін-өзі үнемі дамытуына тікелей байланысты қасиет. Ұзақ жылдар бойы Елбасының еңбегіне шәкірті ретінде де, серіктесі ретінде де, үзеңгілесі ретінде де көңіл аудара жүріп, әр кез қабілетіне таңғалатынымды жасырмаймын. Ол көп оқиды, ұлттық әдебиетке ғана емес, шетел әдебиетіне де көңіл бөледі, барлық оқиғадан хабардар болып отырады, елдің тарихы пен мәдениетін жетік біледі, әсіресе экономикалық ақпаратқа жіті ден қояды", деді Мемлекет басшысы.

Президент сыртқы саясатта қызмет еткен адам ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік басшылармен кездесуге өте тыңғылықты әзірленетінінен хабардар екенін жеткізді. Қ.Тоқаевтың сөзіне сүйенсек, Елбасы Н.Назарбаев Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволар дайындаған ақпараттық материалдармен мұқият танысып, содан соң жеке қойын дәптеріне өзінің тезистерін жазады.

"Оны барлық нәрсе қызықтырған деуге болады: сол елдің экономикалық жағдайы, кездесетін тұлғаның мінезіндегі ерекшеліктер, іскерлік қасиеттері және басқалар. Осының бәрін мықтап көңілге түйетін тұңғыш Президент барлық әріптестері, тіпті БАҚ өкілдері үшін  де тартымды, қызғылықты әңгімелесушіге айналады. Ең ерекше қасиетінің бірі – әзіл сөзді орынды қолданады. Елбасының тауып айтатын әзіл-қалжыңы әр кездесу соңынан әлемдік саясат өкілдері арасына бірден тарап кетеді. Оның тапқырлығын шетел саясаткерлері үнемі жоғары бағалайды.

Бұл қасиеттері оны ұдайы жетістікке жеткізіп келеді. Дегенмен, саяси тұлғасының жөні бөлек. Ол әлемдік оқиғалар туралы, оны өз еліне өлшеп-пішу арқылы заманауи қарым-қатынастағы құрылымға үйлестіру туралы үнемі ойланады. Иә, Елбасы Қазақстанның әлемдік саясаттан шеткері қалмауы үшін де шетелдерге көбірек шыққан, резиденциясында шетелдік қонақтарды жиі қабылдаған", деді Қ.Тоқаев.