• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Шілде, 2020

Елордада тәулігіне 45 мың маска шығаратын зауыт іске қосылды

244 рет
көрсетілді

Елордада маска шығаратын тағы бір кәсіпорын ашылды. Бұл туралы Айдар Махамбет атты қолданушы Facebook парақшасында жазды.

"Мына індетке қарсы күресу үшін біздің достарымыз елордамызда жаңа маска зауытын іске қосқалы тұр. Әлі сертификаттарын алу керек, одан кейін зауыттың өнімін сатып алуға болады. Атап айтқанда "Болашақ 2019" ЖШС тәулігіне 45 мың бетперде шығарады", деп жазды Айдар Махамбет.

Айта кетейік, 30 маусымдағы жағдай бойынша, елімізде тәулігіне 772 мың бетперде өндіріледі. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар - 567 мың, тігін кәсіпорындары - 204 мың дана тігеді. Қоймаларда 4 млн астам бетперде бар. Тиісті ақпарат "СҚ-Фармация" ЖШС-не беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі. Бүгінде дәке және бөзден тігілген бетперделер атқарушы органдармен жасалған шарт негізінде жеткізіледі. Қазіргі кезде бетперде өндірісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қатаң бақылауына алынды. Қосымша өндірісті іске қосу және өндірісті кеңейту нәтижесінде бетперделер өндірісінің көлемі тәулігіне 1 млн данаға жетті.