Өзбекстанның "Сардоба" су қоймасында орын алған төтенше жағдайдан кейін, мұндай жағдай өңірде қайталанбау мақсатында құқық қорғау органдары стартегиялық маңызы бар су нысандардың мемлекеттік қорғалуын қатаң бақылауға алды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәселен Шардара аудандық прокуратурасы өз аймағында орналасқан "Шардара су қоймасына" қатысты ақпараттарға күнделікті талдау жүргізіп келеді.
Осындай іс-шаралар барысында, осы жылдың 20 мамырында стратегиялық маңызы бар және мемлекеттік күзетілетін "Шардара су қоймасы" су бөгетіне 5 жеңіл автокөлік рұқсатсыз кіріп, жол жүру ережесін бұзып, су бөгетінің зақымдағаны туралы бейнеролик "WhatsApp" желісінде тарағаны анықталған.
Жергілікті полиция қызметі жеңіл автокөліктің жүргізушілерін анықтап, 2 жүргізушіні жол жүру ережесін бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты
Ал су бөгетінің қауіпсіздігіне жауапты Түркістан облысы бойынша "Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы" ММ-нің қызметкерлеріне қатысты аудан прокуратурасымен қадағалау актісі енгізіліп, мемлекеттік қорғаудағы нысанға жеңіл көліктерді заңға қайшы кіргізген полиция қызметкері лауазымынан босатылған, тағы үш қызметкер түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.