Кувейт ел аумағына өткісі келетін шетелдік қызтекелерді әуежайларда анықтап, келген жақтарына кері қайтаратын құрал-жабдықты іске қосады. Бұл туралы Muslim.kz хабарлады.
Қазіргі кезде осы жергілікті жердегі медицина мекемелері «қыдырымпаз» шетелдіктердің денсаулығына тексеру жүргізуде. Алайда, дәрігерлер қызтекелерді қандай құрал-жабдықпен тексеретінін кесіп айтқан жоқ.
Жалпы, Кувейт елінде бір жыныстылардың қарым-қатынасына тыйым салынған. Әшкере болғандары абақтыға қамалып, айыппұл төлейді. Мұндай заң Парсы шығанағы елдерінің көбісінде бар. Мәселен, Сауд Арабиясында бір жыныстылар төсек қатынасына барғаны үшін өлім жазасына кесіледі.
Бақытбек Кенешұлы.