Медициналық мекемелерді қажетті құралдармен жабдықтау бойынша Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Белгіленген 14 күндік карантин бойынша мониторинг жүргізіліп, қорытындылар шығарылатын болады. Нәтиже бермеген жағдайда шектеу шаралары бойынша қосымша шешімдер қабылданады. Бүгін күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе - медициналық мекемелердің КВИ-мен ауырғандарды емдеуге арналған жатын орын санын арттыру. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, шілде айының соңына дейін, инфекциялық, провизорлық орын саны 50%-ға өсіп, 28 мыңнан 42 мыңға дейін жеткізілетін болады", деді Премьер-министрдің орынбасары.Оның айтуынша, тамыз айына дейін ПЦР-тесттермен қамту тәулігіне 30 мыңнан 39 мыңға жеткізілетін болады."Барлық медицина мекемелеріне техникалық қажеттіліктер алынды және алынып жатыр. Бұл бағытта жұмыс тоқтаған емес және тоқтамайды да", деді Е. Тоғжанов.