• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Шілде, 2020

Ұшақта темекі шеккен әйелге айыппұл салынды

496 рет
көрсетілді

Ұшақта темекі шеккені үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"1 шілдеде Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне “Эйр Астана” АҚ әуе компаниясының өкілінен “Ақтөбе-Алматы” бағытындағы әуе кемесінің бортында құқықбұзушы бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті, – дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин. – Тексеру барысында көлік полицейлері әуе кемесінің бортында болған Орал қаласының 34 жастағы азаматшасын анықтады. Әуе кемесі командирінің актісі бойынша әуе рейсі қонғаннан кейін құқықбұзушы көлік полицейлеріне берілді. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-2 бөлігімен (Әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін және (немесе) электрондық сигареттерді тұтыну) әкімшілік хаттама толтырылып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды", деп қорытындылады Қ.Қобландин.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің Көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 21 117 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 1 641 адам.