Қазақстаннан Түркияға барған туристер арасында вирус тіркелсе екі ел арасындағы әуе рейстері тоқтайды. Бұл туралы Анталия қаласының мәдениет және туризм басқармасы осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.
Түркия туристерді қабылдай бастаған 20-маусымнан бері аталмыш елге 429 адам сапарлаған. 99-ы елге қайта оралды. Ішінде тек бір отандасымыздан коронавирус анықталған. ҚР Туризм индустриясы комитеті басқарма басшысының айтуынша сақтандыру жолдаманы сатып алу сәтінде міндетті түрде ресімделеді және турпакетке енгізіледі. «Туристік қызмет көрсету аумағында емдеу қызметтері сол мемлекетте қабылданған COVID-19 емдеу жөніндегі стандарттарға сәйкес жүргізілетін болады», - дейді Ануар Тоқтаров.