Ресейде коронавирусқа қарсы үшінші препарат тексеруден өтіп, ресми түрде тіркелді. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
Жаңа препараттар қазір тек аухураналарға таратылған. Бір аптадан соң дәріханаларда сатылуы мүмкін, - дейді аталмыш телеарнаның Мәскеудегі тілшісі.
Ресейде инфекция анықталған науқас саны 650 мыңды құрап отыр, осыған дейін вирус жұқтырғандар күніне он мыңға жуық тіркелсе, қазір олардың қатары азая бастады.Соңғы күндері Ресей аумағы бойынша күніне алты мыңдай сырқат тіркелуде.
Сондықтан 15 шілдеден елде кинотеатрлар жұмысын бастап, 65 тен асқандарға енді үйден шығуға рұқсат етілді. Десе де, ел билігі шекараны ашуға асығар емес. "Өзге мемлекеттерге темір жол қатынасы ғана әзірге жандануы мүмкін",- дейді жауапты министрлік өкілдері.
Ал Қазақстанға Ресейден шекара жабылған кезден бастап 17 репатриациялық рейс ұйымдастырылған.Соңғы ұшақ Мәскеуден төртінші шілде күні ұшып, Алматыға қонады.