• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Шілде, 2020

Биыл Құрбан айт қалай өтеді?

1452 рет
көрсетілді

Бұл сұраққа ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров жауап берді.

"Құрбан айт мейрамы кезіне дейін карантин созылса, мешіттерде намаз оқылмайды. Осыған дейін карантиндік талаптарға сәйкес, Ораза айт намазы оқылмаған. Құрбан айт мейрамы құрбандық шалумен ерекшеленеді. Құрбандық малын шалуды қашықтан да орындаса болады. Тапсырыс беру арқылы жасауға болады. Оған барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Әрине, жергілікті әкімдіктің де реттеу жұмыстары болады", - деді ол. 

Наиб имам 31 шілде Құрбан айт басталатынын айтты. 

"31-і күні таңда үш күн бойы құрбандық шалуға болады.Шариғат құрбандық шалуды барлық адамға жүктемейді. Оны тек жағдайы бар адамдар жасаса болады", - деді Ершат Оңғаров.