Өңірлер бойынша КВИ жағдайы туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Көптеген елдерде инфекция таралуының екінші толқыны жүріп жатыр. Елімізде күн сайын КВИ жұқтырғандар саны өсіп келеді. Тіркелген жағдайлардың өсімі бір айда шамамен 4,5% құрады. Облыстарда өсім 2%-дан 8%-ға дейін көтерілуде. Қазіргі таңда күніне орташа есеппен 1500 адам ауырады. Осы күнге дейін ауруханаларда КВИ пневмониясымен 8500 науқас емделіп жатыр.Соңғы айда ең жоғары өсімі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды облыстарында байқалады", - деді А. Ғиният.Жеке адамдар арасында КВИ-дың ең жоғарғы өсімі Атырау облысында, Алматы қаласында, БҚО, Маңғыстау, ШҚО-да байқалады."Ауру тараудың өзіндік ерекшеліктері бар. Азаматтар Нұр-Сұлтан қаласында сырқаттануына байланысты медициналық ұйымдарға өздігінен көп жүгінеді. Ол еліміз бойынша жалпы өлім жағдайлар санынан 1/3 бөлігін құрап отыр. Алматы қаласында КВИ-мен ауыратындардың үлесі скрининг кезінде және байланыста болған адамдар арасында анықталуда. Бүгінгі таңда стационарларда реанимациялық төсектер тапшы болып отыр. Бұл жерде пневмонияның ауыр түрімен ауыратын науқастар ем алуда", деді вице-министр.Вице-министрдің айтуынша, КВИ бойынша күрделі үшінші өңір - Атырау облысы. Кен орындарында өршулер көп болуына байланысты облыс бойынша төсек-орындар тез толықты. Бұл жердегі жұмыскерлер әртүрлі облыстар мен өңірлерден келеді. Шымкент қаласында реанимациялық төсек-орындар жеткіліксіз. БҚО-да сыртқы жағдайлардан әкелінгендер көп.