Жасыл дамудың жаһандық институтының басшысы Пан Ги Мун Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан мерейтойлық туған күнімен шын жүректен құттықтады. Елбасына мықты денсаулық, бақыт және барлық жаңа бастамаларына табыс тіледі. Бұл туралы Елбасының Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Пан Ги Мун сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның жаһандық деңгейдегі беделін арттыра түскенін ерекше атап өтті.
Елбасы Пан Ги Мунға жылы лебіздері үшін алғысын айтып, Қазақстан мен Жасыл дамудың жаһандық институтымен жүзеге асып жатқан ынтымақтастықты жандандырғаны үшін ризашылығын білдірді.
Әңгіме БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысының бастамасымен болды.