• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Шілде, 2020

Қазақстанда өткен айда 628 адам пневмониядан қайтыс болды

202 рет
көрсетілді

Қазақстанда маусым айында 628 адам пневмониядан қайтыс болған. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар Айжан Есмағамбетова айтты, - деп жазады Egemen.kz

"2019 жылдың жарты жылы мен 2020 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша, пневмониядан көз жұмғандардың статистикасын салыстырсақ, осы алты ай ішінде қайтыс болғандардың саны аса көбейген жоқ. 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында өлім-жітімнің - 1780, ал 2020 жылдың алғашқы жарты жылының қорытындысы бойынша - 1772 жағдайы тіркелді. Ал осы жылдың маусым айында пневмониядан қайтыс болғандардың саны 628-ге жетті. Пневмониямен ауыру жағдайына келсек, биылғы алты айда 55% өсім байқалады. Ал маусымда бұл көрсеткіш тіпті төрт есе өскен", деді Айжан Есмағамбетова.