Хабиб Нұрмағамбетовтың әкесі және бапкері 57 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Чешен республикасының басшысы Рамзан Қадыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұған дейін Абдулманап Нұрмағамбетов мамыр айының басында Мәскеу ауруханасына жатқызылғаны белгілі болды. Сондай-ақ бапкердің коронавирусты жұқтырғаны және ауыр жағдайда болғаны туралы айтылды.
"Қайғылы жаңалықтар маған жетті, достар. Бұл әлем Абдулманап Нұрмағамбетовтан айырылды. Барлық чешен халқының атынан Абдулманап Нұрмағамбетовтың отбасына көңіл айтамын! Ол өзінен кейін жақсы атын қалдырып, лайықты ұрпақ өсіріп, бізден алыстап кетті!" – дейді Рамзан Қадыров өзінің Telegram парақшасында.