• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2020

Қорғаныс министрлігі отандық әскери журналистиканың ардагерін құттықтады

698 рет
көрсетілді

Қорғаныс ведомствосының өкілдері белгілі қазақстандық әскери журналист әрі жазушы, отставкадағы полковник Сапарғали Жағыпаровтың 70 жылдығына орай қорғаныс министрінің атынан құттықтау қағазы мен аты жазылған қолсағат табыстады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ол өзінің мамандығына демалыс пен мереке күндеріне қарамай 30 жылдан астам уақытты арнап, қоғам назарына әскери саланың маңызды оқиғалары: әскери өмір мен әскерилердің қандай міндет атқаратындығы туралы өз материалдарында жеткізетін.

1976 жылы Львов жоғары әскери-саяси училищесінің әскери журналистика факультетін бітіргеннен кейін Сапарғали Жағыпаров Тынық мұхиты флотының Приморск флотилиясының "Боевой призыв" газетінің редакторы, Қызыл Ту Орта Азия әскери округі газеттерінің редакцияларында бөлім бастығы, Германия әскерлерінің батыс тобында қызмет атқарды. 1984 жылы Ленин атындағы әскери-саяси академиясының редакторлық бөлімін бітірді.

Сапарғали Жағыпаровтың мақалалары мен очерктері, репортаждары Кеңес Одағы мен Қазақстан Республикасының "Правда", "Комсомольская правда", "Красная Звезда", "Казахстанская правда", «Егемен Қазақстан" газетінде,  "Советский воин" журналында және басқа да көптеген басылымдардың орталық газеттерінің беттерінде  жарияланды.

Қазақстанның Қарулы Күштері даму жолында жеті жылдан астам уақыт бойы белгілі журналист "Қазақстан сарбазы" –  "Воин Казахстана" газетінің бас редакторы болып, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметін басқарды.

1996 жылы Тәжік-ауған шекарасында жеке атқыштар батальонының жеке құрамымен үш ай тікелей бірге болып, сонымен қатар еліміздің Қарулы Күштерінің ТМД-ның сыртқы шекараларын күзетуге қатысуын бұқаралық ақпарат құралдарында жария етті.

Сапарғали Жағыпаров – ҚР Парламенті,  Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, "Жұлдыздар сөнбейді" және "Жүректегі естеліктер" кітаптарының авторы, "Ауғанстан: бауырластық, батылдық, ерлік", "Нағыз ерлер жайында бірнеше жол" жинақтары авторлық ұжымының  мүшесі, "Қауіпті соқпақтармен" телефильмнің авторы.