• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2020

Павлодарда қауіптілігі аса жоғары өрт сөндірілді

355 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің  мәліметінше, облыс  орталығындағы бұрынғы "Картон-рубероид зауыты" АҚ аумағындағы битум қабатының жанып жатқаны жайлы хабарлама түскен, - деп жазады Egemen.kz

Яғни,  "Стройсервис-Арсенал" ЖШС-нің меншігіндегі ғимаратта битумды қыздыру ванналарының бірінде мұнай қалдықтарының қоспасы өртенген.

Өртті сөндіруге жедел шұғыл түрде Өрт сөндіру қызметінің 9 бірлік техникасы, 32 өрт сөндіруші қатысты.

Өрт сөндірушілерге көмекке "Мұнай-химия зауыты" ЖШС-ің  өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келді. Өртті сөндіру үшін су көбікті генератор іске қосылды. Ғимарат қабырғалары мен шатыры металл профлистен жасалғандықтан өртті сөндіру қиынға соққан.

Ал, өрттің жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер өртті таңғы сағат 4:40-та ауыздықтап, сағат 05:35-те толығымен сөндірді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталуда.

Өрт сөндірушілер қауіптіліктің ең жоғары түрі болып белгіленген 3-ші қатардағы өртті сөндірді.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің тоғыз бірлік техникасы мен отыз екі қызметкері қатысты. Өрт сөндірушілерге көмекке "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ің  өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келді.

Өткен тәулік ішінде өңірлік ТЖД-ің бірыңғай диспетчерлік пультіне 13 хабарлама келіп түсті, оның ішінде өрт туралы 2 хабарлама және өртену оқиғасы туралы он шақыру болды.

 

Павлодар облысы