Алматы қаласының әкімі Бақытжан сағынтаев медициналық мекемелердегі төсек-орын мөлшеріне қатысты мәлімет берді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Оның мәліметінше, бүгінде өңірде 4232 төсек-орны бар 19 стационар жұмыс істеуде. Эпидемия басталған уақытпен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9 есеге өскен. Айта кету керек, ертең 150 адамға арналған тағы бір стационар ашылғалы отыр.Апта соңына дейін урология ғылыми орталығы базасында тағы 150 адамға арналған стационар ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, бұған дейін хабарлағанымыздай, "Халық арена" базасында стационар ашылады. Оның алғашқы 200 төсек-орны осы аптаның соңында пайдалануға берілмек.