Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен өткен брифингте мәлім болды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Бүгінде Алматы қаласында 25 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты қолданыста, резервте 24-і тұр. Жақын күндері тағы 70 аппарат келуі керек.
Сағынтаевтың айтуынша, қалада ӨЖЖ аппараты тапшылығына қатысты мәселе жоқ. Ал, жалпы Алматы қаласында 573 ӨЖЖ аппараты бар. Медициналық ұйымдарды түрлі құрылғылармен қамту жұмыстары жалғаса бермек.