• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Шілде, 2020

Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады

239 рет
көрсетілді

Бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі коронавирус жағдайына байланысты түсініктеме берді. Бақытжан Сағынтаев Үкімет белгілеген барлық шаралардың орындалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы жағдайды тұрақтандыру үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осылайша, ауырған адамдардың ем алулары үшін қосымша жататын орындар қорын құру, зертханалардың өткізу мүмкіндігін ұлғайту, стационарлы ауруханаларды қажетті құралдармен қамтамасыз ету және дәріханаларда дәрі-дәрімектің бар-жоғы мен бағаларына мониторинг жүргізілуде.

Бүгінгі жағдайды және жұқтыру болжамдарын ескере отырып, дәрігерлердің, орта және кіші буын медициналық қызметкерлерінің қосымша бригадалары құрылды. Біліктілікті арттырудың онлайн-курстары өткізіледі. Қалада волонтерлерді қосымша қабылдау және қажет болған жағдайда бейінді емес медиктерді тез қайта оқыту жүзеге асырылады.

"Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ бақылауда. Бізде Алматы қаласы аумағында коронавирустың таралуының алдын алу және оған қарсы әрекет ету бойынша жасалған іс-шаралар жоспары бар, оны біз бақылап отырмыз", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Қала әкімі онлайн брифинг өткізіп жатқан кезде Алматыда індет жұқтырғандардың нақты саны – 6202-ге жетіп, коронавирустің күн сайынғы өршуі 1,1 пайызды құрады. Бұл күндері инфекциялық стационарларда 1772 адам емделіп жатыр. Мегаполистегі науқастардың 349-ының жағдайы ауыр болса, 24-і хәл үстінде. 1264 науқастың денсаулығы орташа деп бағаланса, 135 адам тәуір болып келеді. Дегенмен, жағдайы қиын және ауыр пациенттердің саны артып барады. Өз кезегінде пневмония кеселіне шалдыққан алматылықтар қатары күрт көбейген. Өткен жылдың осы уағымен салыстырғанда тыныс жолы ауруларынан көз жұмғандар саны 68,6 пайызға өсіпті.

АЛМАТЫ