Аралас жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Жалғас Жұмағұлов әйгілі UFC ұйымындағы алғашқы кездесуіне қандай әуенмен шығатынын айтты, деп хабарлайдыEgemen.kz.
"Қандай музыкамен шығатынымды сұрап еді. "Көңіл толқыны", - деп жазды спортшы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Жұмағұлов 11 шілде күні Абу-Даби қаласында UFC 251 турнирінде жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы бразилиялық спортшы Раулиан Пайва болады. Отандасымыз екі күні бұрын БАӘ еліне барып, вирусқа тест тапсырды. Содан соң міндеттелген екі күндік карантинге жатқызылды. Бүгін Жұмағұлов каранттиннен шығып, жаттығу жұмыстарын жалғастыру керек.
Кездесуді тікелей эфирде Qazsport арнасы көртесетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 03:55-те басталады.