Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының ЖИТС/СПИД бойынша біріккен бағдарламасының мәлімдемесінде айтылды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Сарапшылардың айтуынша, АИТВ-инфекциясын емдеудегі 6 айлық үзіліс Африкадағы 500 мыңнан астам адамның өліміне әкелуі мүмкін. "Тіпті емдеудегі 20%-тік үзіліс қосымша 110 мың адамның өліміне әкелуі мүмкін", делінген хабарламада.
Статистикаға сүйенсек, 2019 жылы әлемде 690 мың адам СПИД құрбаны болды. COVID-19 пандемиясының салдарынан 2020 жылға арналған ЖИТС-пен күрестегі жаһандық мақсаттар орындалмайды.