Qazaq Air әуе компаниясы құны 9 мың теңге болатын Нұр-Сұлтан − Балқаш әуе рейстерін орындайды. Бұл туралы ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Осы әуе рейстердің жиілігі аптасына 4 рет болады (ұшу саны аптасына 10 рейске дейін артады).
Сондай-ақ Qazaq Air аптасына 4 рейс жиілікпен және 16 000 теңге тарифпен (ұшу саны аптасына 11 рейске дейін артады) Нұр-Сұлтан –Үшарал бағыты бойынша рейстерді орындайды).
Алматы − Жезқазған бағыты бойынша жиілігі аптасына 2 рет 20 000 теңге тарифпен (ұшу саны аптасына 4 рейске дейін артады). Рейстер 76 және 86 орындыққа негізделген.
Аталған рейстер 385,1 миллион теңге көлемінде субсидия есебінен беріліп отыр. Бұл ақшаны бұған дейін Нұрсұлтан − Токио әуерейсі үшін пайдалану жоспарланған еді. Бірақ оны коронавирус салдарынан тоқтатты.