• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2020

Түркістанда дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактілері анықталды

273 рет
көрсетілді

Түркістан облысы аумағында бес дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғылдарды заңсыз сату фактілері анықталды. Полиция департаментінің қызметкерлері дәріханалардағы дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактілерін болдырмауға бағытталған рейд өткізген болатын.

Түркістан қаласының аумағында жүргізілген жедел іс-шаралар кезінде дәріханалардың бірінің фармацевті "Cef-3" дәрі-дәрмектерін үлкен көлемде сатып жатқан жерінен ұсталды. Сатушы 336 қорапты 1500 теңгеден 405 000 теңгеге сатқан. Ал, дәріханалардағы бір қораптың құны – 1300 теңге. Одан әрі, әлеуметтік желілерді бақылау барысында криминалдық полиция қызметкерлері Сарыағаш тұрғынының медициналық маскаларды заңсыз саудалағанын анықтады. Тұрғынның көлігін тексеру кезінде тәртіп сақшылары 4950 дана медициналық маска тәркіледі. Сол күні Арыс ауданында полиция қызметкерлері “аскорбин қышқылы” Арыс қаласындағы дәріханалардың бірінде 700 теңгеден сатылғанын анықтаған. Бөлшек саудада аталған дәрі бағасы 300 теңге. Полиция департаментінің хабарлауынша, барлық фактілер бойынша тексеру жүргізіліп, арнайы шаралар қабылданатын болады.