Пандемия кесірінен жабылған Лувр музейі 40 миллион еуро шығынға батқан, - деп хабарлайды Egemen.kz
Араға 4 ай салып, мұражай жұмысын қайта бастады. Десе де шектеулер енгізілген. Мәселен, келушілер залдардың тек 70 процентіне ғана өте алады. Сондай-ақ мұнда бұрынғыдай емес, тек бір есік арқылы ғана кіруге болады. Одан бөлек қызметкерлер де, қонақтар да маскамен жүруге міндеттеледі. Алғашқы күннің өзінде кісі қарасы қалың болды. Дегенмен, басшылық келушілердің бұрынғыдай нөпірі әлі байқалмайтынын айтады.
Айта кету керек, өткен жылы Луврға 9 жарым миллионнан аса адам келген екен. Алайда биыл жазда былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда қонақ саны 70-80 процентке аз болады деп болжанып отыр.