Тәжікстан Дубайға чартерлік рейсті жүзеге асырады. Бұл туралы Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Тәжікстан 9 шілдеде Душанбе – Дубай – Душанбе бағыты бойынша азаматтарды отанына қайтару үшін чартерлік рейсті жоспарлады. Тәжікстан азаматтары елдің БАӘ-дегі дипломатиялық және консулдық өкілдіктеріне тіркеуге өтінім бере алады.