Күзгі семестр онлайн түрде өтетін болса, АҚШ-та оқитын шетелдік студенттер елден өз еркімен кетуі тиіс. Бұл туралы Бұл туралы Құрама Штаттардың көші-қон және кеден полициясы хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Сонымен қатар, коронавирусты жұқтырудың 2,9 млн-нан астам жағдайы тіркелген елде бірден бірнеше университет қауіпсіздік мақсатында күзгі семестрде ғана емес, келесі оқу жылы онлайн түрде өткізілетінін жариялады.
BBC агенттігінің мәліметінше, бұл өзгерістер АҚШ-та F-1 және M-1 визаларымен жүрген барлық шетелдікке әсер етеді. Визаның бірінші түрі халықаралық студенттерге елде оқу үшін берілсе, екіншісі — кәсіби курстардан өту үшін, мысалы, біліктілікті арттыру үшін беріледі.
Кедендік және иммиграциялық мәселелер жөніндегі агенттіктің хабарламасында, егер университет алдағы күзгі семестрде толық онлайн-оқуға ауысса, студенттер елде қалғысы келсе, қандай да бір әрекет жасауы тиіс. Мысалы, осы семестрге күндізгі оқу бөлімінде оқитын басқа жоғары оқу орындарына ауысу. Бұл талаптарды орындамаса, соңы депортацияға әкелуі мүмкін.
Бұл шектеулер алғашқыда студенттерді күндізгі оқу бөліміне алған университеттерге де қатысты, бірақ эпидемияға байланысты барлық университет онлайн оқуға көшуге мәжбүр.