• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Шілде, 2020

Испанияның оңтүстігін аптап ыстық басты

268 рет
көрсетілді

Севилья провинциясындағы Эсиха қаласындағы аптап ыстықтың салдарынан ауа температурасы Цельсий бойынша 43 градус белгісінен асып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Провинция билігі ауа қауіптілігінің қызғылт сары деңгейін енгізді. Қауіптіліктің қызғылт сары деңгейінде ауа райы тұрғындарға қауіп төндіреді.

Адам өліміне жол бермеу үшін адамдарға үйде қалу ұсынылды. Сонымен бірге синоптиктер ультракүлгін сәулелердің жоғары деңгейі туралы ескертті.

Анна Виктория Кампос, сатушы: "Біздің жұмысымызға айтарлықтай әсерін тигізуде. Сауда айналымы тоқтап тұр. Өйткені адамдар сыртқа шыққысы келмейді", дейді ол.