Тіл қатынас пен пікірлесудің таптырмас құралы болғандықтан, қанша жұрттың тілін білсең, сонша түрлі ілім игеріп, білім көкжиегің кеңейе түседі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл cаясаты комитетінің тапсырысымен "Астана-Руханият" ЖШС "Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 15 шілдесінен бастап 15 қарашасы аралығында республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептері жанындағы курстарға қазақ және туған тілін үйренуге мүдделі этникалық топтардың өкілдерін шақырады.
Оқу тегін жүргізіледі.
Курсқа жазылу мерзімі: 14 шілдеге дейін.
Сіздің мына тілдерді тегін үйренуге мүмкіндігіңіз бар: қазақ, армян, әзірбайжан, балқар, белорус, башқұрт, ингуш, грек, грузин, дүнген, еврей, корей, күрд, неміс, өзбек, қырғыз, молдаван, орыс, поляк, татар, тәжік, түрік, түркімен, украин, ұйғыр, шешен.
Курс соңында тыңдаушыларға сертификат табысталады.
Тіл үйренушінің жасына шектеу қойылмайды.
Тіл – асыл ойдың бұлағы, өлшеусіз қазына, сол тілде сөйлейтін халықтың жан-дүниесі, орайы келіп тұрған оңтайлы уақытты құр өткізіп алмаңыз.
Байланыс телефоны: 87014511417
Электронды пошта: rukhaniyat.astana@mail.ru