Биылдың 6 айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Тергеу басқарамасының өндірісіндегі 257 қылмыстық істің 154-і тіркелген. Өндірісте болған істердің 148-і аяқталып, оның 62 ісі сотқа жолданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
2020 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша өткен брифингте Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстарды енгізу көрсеткіші 100%-ға жеткенін айтып өтті. Биылдың 6 айында 59 ұсыныс жолданып, оның 40-ы қаралған, 25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен 7 тұлғаға 1,3 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілген. М.Қарғабайдың мәлімдеуінше, Агенттіктің 1424 Call орталығына Түркістан өңірінен хабарласқан 73 азаматтың берген ақпараты арқылы жедел әрекет ету амалдары жүргізіліп, нәтижесінде 5 тұлғаның заңсыз әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, М. М.Қарғабай бүгінгі күні арнайы жұмыс тобы дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мен бағаның тұрақтылығына кешенді мониторинг жұмыстарын жүргізу басталғанын хабарлады. Дәріханалардағы дәрі-дәрмек құнының күрт өсуін байқаған өңір тұрғындарына 109, 102 және 8 776-837-09-00 нөмірлері арқылы хабарлауға болатындығын жеткізді.