Австралияда эпидемия қайта өршіп тұр. Елдегі ахуалға байланысты құрлық туристерге шекарасын жаба тұруға мәжбүр, - деп хабарлайды Egemen.kz
Виктория штатында қауіпті инфекция 191 тұрғыннан табылғаны себепті, 5 миллиондай адам бір жарым айлық карантинге қайта жабылды. Әсіресе, осы аймақтың астанасы Мельбурнда шектеу шаралары күшейтілді. Ал Жаңа Оңтүстік Уэльс штатымен арадағы шекара 100 жылда алғаш рет жабылды.