Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір жекенің қолындағы бұрынғы темір жол ауруханасын 200 орындық провизорлық стационар қызметіне бейімдеу туралы мекеме басшылығымен келіссөз жүріп жатыр. Мұның сыртында, басқарма жекеменшік емдеу мекемелерінің дәрігерлерін провизорлық стационарларға жұмысқа тартуды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгінге дейін облыстың барлық аудандарында індетке қарсы жалпы саны 2 мыңнан астам төсек-орын қойылған. Енді Науырзым ауданында қосымша емдеу орындары ашылмақ.
Қазір облыста коронавируспен ауырған науқастар үшін 584 төсек бар. Сондай-ақ, індет белгілері бар адамдарды оқшаулау үшін 964 провизорлық төсек-орын қойылған. Мұның сыртында, короновирус анықталған науқастармен байланыста болған адамдар үшін 513 карантиндік төсек бар.
Қостанай облысы