Үш айдың ішінде облыстағы 3 мыңнан астам медицина қызметкері жалпы сомасы 1,2 млрд. теңге көлемінде бекітілген үстемақыларын алды. Сол сияқты жергілікті бюджет есебінен 1023 медицина қызметкеріне жалпы сомасы 137 млн теңге сыйақы берілді. Бұл туралы бүгін өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов брифинг барысында коронавирус індетімен күрес шаралары туралы кеңінен айтып берді. Оның айтуынша, COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында облыс халқының әлеуметтік әлжуаз санатындағы 30 мың тұрғынына 50 млн теңге сомасына вирусқа қарсы препараттар сатып алу жоспарланып отыр.