Жедел медициналық жәрдемге осынша көлік алынғалы отыр. Қазір облыстағы медициналық ұйымдарда 41 жедел жәрдем автокөлігі бар.
"Атырау облысына қыркүйек-қазан айларында республикалық бюджеттен бөлінген қаражатпен лизинг бойынша 40 санитарлық автокөлік келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, өзіміз де жуық арада осындай 15 көлікті сатып алуды жоспарлап отырмыз. Әрине, мұнымен мәселе толық шешімін табады деуге болмайды. Әлі де көптеген жұмыстар атқарылады", - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Оның айтуынша, өңірде емханалар жанынан 61 мобилді бригада жасақталды.