• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 08 Шілде, 2020

Науқастарға арналған төсек-орын саны 70% артып, 43 мыңға дейін жеткізілді

438 рет
көрсетілді

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты жасаған үндеуінде айтты.

"Мемлекет жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдап жатыр. Алғашқы медициналық көмек қызметтері күшейтілуде. Үйде халыққа кешенді медициналық қызметтерді көрсету үшін 400 әмбебап мобильді бригада құрылды. Шілде айының соңына дейін олардың саны 3,5 мыңға дейін жеткізіледі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы науқастарға арналған төсек-орын санының көбейгенін айтты.

"Мен нұсқау берген сәттен бастап коронавируспен ауыратын науқастарға арналған төсек-орын саны 70%-ға артып, 43 мыңға дейін жеткізілді. Бұл жұмысқа әскери дәрігерлерлер де белсенді араласып жатыр. Қарулы күштердің ресурстарының арқасында 500-ден астам төсек орналастырылды. Ерекше таралу ошақтары орнында далалық ауруханалар жасақталуда", деді Президент.