• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2020

Індетпен күресуге зейнет жасындағы дәрігерлер де кірісті

218 рет
көрсетілді

БҚО-да 200-ге жуық медициналық қызметкер коронавирус жұқтырып, бірнешеуі көз жұмды. Қазір облыстық және қалалық ауруханаларда 100-ден астам медқызметкер жетіспейді. Ал науқастар саны сағат санап өсуде. Мәселен күн сайын жедел жәрдемге 1200 қоңырау келіп түседі, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Сол себепті өңірде коронавируспен күреске ардагер дәрігерлер де үлес қосуда. Зейнеттегі 40 маман қарап жатпай, қайта қатарға қосылды. Осылайша  кадр тапшылығы мәселе  шешілмек. 

Қазір ардагер медицина қызметкерлері де күні-түні алғы шепте қызмет етуде. Қашықтан да кеңес барып жатқандары аз емес екен.

"Әр емхана жанынан ашылған ахуал орталықтарында да ардагер дәрігер қызмет көрсетуде. Сондай ақ колл-орталыққа қосымша медицина саласының ардагерлерін тартып жатырмыз", дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Болатбек Каюпов.