• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2020

Амандық Баталовтың жағдайы ауыр ма?

1580 рет
көрсетілді

Коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталықта емделіп жатыр. Оның неліктен Алматыда емес, ел астанасына келгені туралы туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz

ОКҚ онлайн брифингінде журналистердің Баталов жайында сұрағына вице-министр:

"Иә, пациенттің жағдайы нашарлаған соң Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталыққа жеткізілді. Бүгінде бұл орталық пандемия кезінде республикалық экстракорпоральді мембран оксигенация интенсив терапиясы ретінде жұмыс істеп жатыр. Бұл әдіс өкпеге жасанды тыныс алдыру аппараты көмектеспей жатқанда қолданылады. Сондай-ақ бұл орталық жүрек-қан тамыр аурулары бар науқастарда тыныс алуы қиындап, жеткіліксіз болғанда қабылдайды. Мұны комарбид пациенттер деп атайды. Алматы тұрғындарына қатысты айтатын болсақ. Қазір мұндай 12 орталық бар. Алматыда да бар. Мұндай ауыр жағдайдағы науқастар Алматы қаласына жеткізіледі. Ол жақта орын толып, бос болмаса, басқа қаладағы орталықтарға жеткіземіз", - деп жауап берді.