Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қатаң карантинді ұзарту туралы сұрақтарға жауап берді. Министрдің айтуынша, қатаң карантин мерзімі ұзара ма, жоқ па - екі апталық карантин аяқталған соң ғана белгілі болады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Кез келген мерзім инкубациялық кезеңмен байланысты болуы керек, яғни 14 күн. Қазір біз кішкене болса да нәтижелерді көріп, қарап отырмыз. Бірақ оның нақты тиімділігі туралы біз екінші аптада немесе екі апта толық өткен соң байқаймыз. Яғни баға берілген соң, карантин аяқталар кезде карантин ұзара ма немесе қатаң шаралар күшейтіле ме - белгілі болады", - деген министр бұл мәселені қазір отандық мамандар және шетелдік әріптестерімен талқылап жатқандығын жеткізді.