Түркістанда демалыс орындары көбейіп, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл орайда қала аумағында 250 мың ағаш көшеттері мен бұталар отырғызылған. Тұт ағашы, писсар өрігі, терек, арша, линден ағашы, қарағай, катальпа, талшын егілген, деп жазады Egemen.kz
Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ең озық технологиялар қолданылуда. Арнайы сұйықтық шашылғаннан кейінгі жеті күнде айнала жасыл желекке бөленеді. Ал «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша 97,9 гектар аумаққа 42068 дана ағаш егілген. «Қашқари» демалыс орнында 200 түрлі ағаштар мен бұталы гүлді өсімдіктер отырғызылған. Қазіргі кезде қаланың 19 көшесінде көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары іске асуда.
Сонымен бірге, Әль-Фараби мен Қазыбек би, Н.Төреқұлов көшесінде саябақ пен скверлер орнатылуда. Қала бойынша 65 ұңғыма қазылып, аллеялар мен скверлер қолданысқа берілді. М. Пошанов, Байтанаев, Р.Сейтметов демалыс орындары және «Жеңіс» саябағы қайтадан жаңартудан өтіп, жаңа келбетке ие болды. Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын бақылаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев сапаға мән беріп, уақыт үнемдеу мақсатында енгізілген гидроегу жұмыстарын тексерді.
Айта кетелік, Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 89 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 7 қабатты 24 тұрғын үй (1452 пәтер), пайдалануға берілмек. Оның ішінде кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға - 450, кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлеге кредиттік 1002 пәтер тапсыру жоспарланған.
Түркістан облысы