• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2020

Заңсыз дәрі-дәрмек сатқан алыпсатар ұсталды

255 рет
көрсетілді

Қостанай облысында жүргізілген рейд шаралары барысында Ресейден дәрі-дәрмек әкеліп, оның үстіне 30% үстеме баға қосып  сатпақ болған 29 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Полиция қызметкерлері алыпсатардың көлігінен инфекциялық ауруларды емдеуге пайдаланылатын 18 түрлі 200-ден астам қаптама дәрі табылғанын мәлімдеді. Заңсыз сатылымдағы дәрілердің ішінде парацетамол, ацетилцистеин, аспирин сияқты әлеуметтік маңызға ие препараттар бар.   

Аталмыш оқиғаға қатысты ҚР ҚК 214 бабының 1 бөлімінде көрсетілген "Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу" қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүріп жатыр. 

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары облыс орталығындағы дүкендердің бірінде медициналық маска сатып тұрған 50 жастағы ер адамды ұстаған. Дәл осындай оқиға Тобыл қаласында да орын алып отыр. 

"Екі оқиғаға қатысты материалдар тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді", деп хабарлады ПД-нің баспасөз қызметі.

 

Қостанай облысы