• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Шілде, 2020

Елордада 150 аула мен 50 қоғамдық орын абаттандырылады

270 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда қоғамдық орындар (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылуда. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Қалада ашылған жаңа демалыс орны тұрғындарға серуендеуге және дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік береді. Осы орайда біздің тілшілер Жеңіс және Жангелдин көшелерінің қиылысында орналасқан жаңа саябақпен танысып қайтты. «Мұнда дене шынықтыру және спортпен айналысуға мүмкіндік бар. Балалар алаңдары, ересектерге арналған демалыс орындары да қарастырылған. Саябақта ағаштар мен гүлдер де отырғызылған», – дейді қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының оынбасары Айдын Бегімбеков.

Шағын сәулет нысандары да ерекше көзге түседі. "Біз ксилофон, барабан, фортепиано сияқты композицияларды, сондай-ақ музыкалық стильдегі "Лира" деп аталатын орындықтарды да орнаттық. Тіпті қоқыс контейнерлері де музыкалық стильде жасалған. Сонымен қатар тұрғындардың өтініші бойынша біз жобаға толықтырулар енгіздік, жол жүру бөлігін қарастырдық, тұрақ аймағын да жасадық", дейді "ОК proekt" ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің инженері Мерей Сабетов.

"Мына сұлулыққа қараңызшы! Орындықтар орнатылған, ағаштар егілген – барлығы үйлесімді! Қазіргі қиын уақытқа қарамастан, әкімдік бізге көңіл бөліп жатыр деп ойлаймын. Ризашылығымызды білдіреміз! дейді қала тұрғыны Раиса Құдайбергенова. Биыл Нұр-Сұлтанда 150 аула мен 50 қоғамдық орын – саябақтар мен скверлер абаттандырылады. Аулалар мен қоғамдық орындар "Нұр-Сұлтан – тұрғындарға жайлы қала" елорданы одан әрі дамыту жоспары аясында абаттандырылуда.