Токиода өтетін Олимпиада билеттерін сатып алған жанкүйерлер өз ақшаларын қайтарып ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz
Жапония БАҚ өкілдері хабарлағандай, Токия ойындарының Ұйымдастыру комитеті кезекті ахуалға сәйкес, тиісті шешім қабылдағанын хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы Олимпиада 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі керек еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты жарыстар бір жыл кейінге шегерілді. Комитет осы жылғы Олимпиаданың басталуына және әлемдік спортқа індеттің айтарлықтай зардап әкелгенін атап өтті. Бір келісімге келе отырып "Токио-2020" атауы сақталатын болды.
Жапон ұйымдастыру комитетінің пікірінше, келесі жылға ауыстырылған Олимпиада – пандемиядан кейінгі ауызбіршілік пен жаңарудың символына айналуы тиіс деген тоқтамға келді.