• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Пікір 10 Шілде, 2020

Бұл індет еңсемізді баса алмайды

267 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуінде айтылған бастамаларды толық қолдаймын. Әлемге таралған жұқпалы індет халқымыздың еңсесін баса алмайды.

Елімізде карантин режімі ерте енгізіліп, сақтық шаралары уа­қтылы жасалды. Десе де қазіргі уақытта ауру жұқтырған адамдардың саны артып барады. Біз бірлікте күш біріктірсек ғана бұл қиындықтан құтыламыз. Денсаулық сақтау ми­нис­трлігі алғашқы кезеңнен бастап халыққа ақпарат беріп отырды. Кет­кен кемшіліктерді уақыт таразылайды.

Президент: «Дәрігерлеріміз бұқа­ралық ақпарат құралдары арқылы аза­маттарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек. Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды», деді. Аталған бастаманы халық толық қолдайтынына сенемін. Өйт­кені ем-дом әр науқастың ың­ғайына бейімделіп, медициналық көр­сет­кіштеріне қарай жасалуы ке­рек. Барлық адам бірдей емес, же­ліде тарап кеткен емдеу шаралары біреуге жаққанымен, енді біреуге қа­уіп төндіруі мүмкін. Саладағы ма­ман­дардың кеңесіне құлақ асқан жөн.

Одан бөлек, дәрігер тапшылығын шешу үшін білім жүйесіне де өзгеріс енгізілгені жөн. Жас мамандарды ынта­ландырып, тың жобаларды жүзеге асыруға жол ашуға тиіспіз. Ме­ди­ци­налық колледждер мен жоғары оқу орын­дарында маман даярлауды жіті бақылауға алып, сапасын арттыруымыз керек. Дәрі тапшылығы да салаға реформа керек екенін көр­сетті. Әр облыс орталығынан дәрі өн­дірісі орындарының негізі қалануы тиіс. Шетелден дәрі сатып алудың соңы тапшылыққа әкелетінін көзіміз көрді. Мен үшін Қазақстан Рес­пуб­ликасының әр азаматының өмірі қым­бат. Енді осы бағытта жүйелі қызмет атқарылса деген үмітім бар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Қаржаубай САРТҚОЖАҰЛЫ,

«Отандастар қоры» жанындағы Қоғамдық қабылдау комиссиясының мүшесі, жазушы, түркітанушы