• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Шілде, 2020

Қоғамда сенім пайда болды

157 рет
көрсетілді

Әлем елдерін әбігерге салған қауіпті індетпен біз де бетпе-бет келдік. Елдегі жағдайдың күрт өршігені белгілі. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жасаған үндеуінде вируспен күресті үдете түсетін бірқатар бас­тама көтерді.

Байқағанымыздай, Президент жағ­­дайға тура қарап, мәселені ашық мойындады. «Бізде бәрі жақсы» деген белден басу жоқ. Осыған дейін де Мемлекет басшысының «ауруы­н жасырмай», шындыққа тіке қа­рай алатын қасиетін талай көрдік. Пре­зидент кезінде қиын жағдайға тап болған ел тұрғындарының несие қа­рызын кешіруді тапсырды. Жеке табыс салығына қатысты да оңтайлы шешімдер қабылдады.

Ел халқы қиындыққа тап болғанда ай­тылған сөздер көңілге демеу берді, қоғам­дағы өзекті мәселелердің ше­шілетініне сенім пайда болды. Ден­саулық сақтау жүйесінің індетке тойтарыс беруге дайын болмағанын айтып, осы мәселе бойынша тергеу жүргізу және бұл жағдайдан сабақ алу қажеттігін жеткізді. Қ.Тоқаев ай­мақ басшыларының жіберген қате­ліктеріне де тиісті баға берілетінін айтты. Президент ұсын­ған қадамдардан жағдай­дың жіті бақы­лауда екені анық байқалады. Бұл ертеңге деген сенімді одан сайын күшейте түседі. Пре­зи­денттің халыққа үндеуі тосыннан келген індеттен абдырап қалған тұр­ғындарға демеу болғаны сөзсіз. Қолға алынған шаралардың тиімді жүзеге асып, нәтиже бергенін асыға күтеміз.

 

Бауыржан СЕРІКБАЕВ,

Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы